English | 简体中文 | 繁體中文
查询

Men Oralam歌词

Бəрін кештім
Өмірде мынау жалған сағым бес күн
Дəл мендей ұға алмайды-ау жанынды ешкім
Соққы боп тым батты білем сол саған
Бəрін кештім
Білерсің кешкенімді я білмессің
Білмесең кештім деген əнім жетсін
Жүрекке шын жүрегімнен жолдаған
Мен оралам жаным саған
Тəтті түс боп ғайып болатын таңда
Мен оралам болып арман
Күн кешемін тек қиялыңда ғана
Бəрін кештім
Кешегі күндер үшін өкінбессің
Сен енді келуімді өтінбессің
Сағынба жанарың талып сағынба
Бəрін кештім
Жасыма, жан жарама уақыт емші
Тілеймін өзіңе шын бақыт,сенші
Бұйырған жан екенсің жат бағына
Мен оралам жаным саған
Тəтті түс боп ғайып болатын таңда
Мен оралам болып арман
Күн кешемін тек қиялыңда ғана
Ееее
Оооо
Мен оралам
Мен оралам
Мен оралам жаным саған
Тəтті түс боп ғайып болатын таңда
Мен оралам болып арман
Күн кешемін тек қиялыңда ғана
Мен оралам
补充纠错
上一曲歌名: Ladies and Gentlemen歌词
下一曲歌名: to be or not to be歌词